Amanat партиясының «Халықпен бірге!» бағдарламасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй, құқықтық тәртіп сияқты мәселелері басымдыққа ие. Сонымен қатар әр тұрғынның пікірі мен ұсынысы назарға алынып, оның негізінде түйткілді мәселелер шешімін табады. Партия бағдарламасында жыл сайын 2 200 адамнан «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Жасыл Ел» жобаларына жұмысқа орналасуды шешуді көзделген. Сондықтан Amanat партиясына дауыс беруге шақырамыз, — деді кандидат.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында күнделікті «Есіктен есікке» акциясы өткізіліп, тұрғындарға Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттап жатыр. Акция барысында кандидаттар жастар, аға буын өкілдері, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесіп өтініш-тілектерін тыңдайды.
Тапсырыс беруші: С.А. Жұмаділова.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған Amanat партиясы cайлау қорының қаражатынан төленді.