Басты бет Жаңалықтар Елімізде қос азаматтығы үшін 841 адам жазаланды

Елімізде қос азаматтығы үшін 841 адам жазаланды

Қазақстанда былтыр қос азаматтық алғаны үшін 841 адам жазаға тартылды. Бұл туралы онлайн брифингіде ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Былтыр қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138-і сот шешімімен елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды, — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Кейінгі бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3 515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 3 000-ға айыппұл салынып, 473-і елден шығарылған. Барлығынан Қазақстан азаматтығы алынды.

Заң бойынша қос азаматтығы бар фактіні жасырғаны үшін 200 АЕК-ке (690 000 теңге) дейін айыппұл не Қазақстан аумағынан шығару жазасы қарастырылған.

Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу үшін екінші азаматтығын жасырғандарға жауапкершілікті қатаңдату үшін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып жатыр, — деп толықтырды ІІМ өкілі.

Айта кетейік, өзге елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін 30 тәулік ішінде азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін Қазақстанның консулдық мекемесіне жүгіну керек.

Exit mobile version