Басты бет Жаңалықтар Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 41 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 41 мыңнан асты

Түркияның оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 41 020 адамға жетті. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады.

Фото: Omer Yasin Ergin

Түркияның төтенше жағдайларды жою басқармасының хабарлауынша, зілзаладан кейін 6 210 афтершок болған.

Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды. Түркияның екі провинциясынан басқа барлық жерде күшті жер сілкінісінен кейінгі құтқару жұмыстары аяқталды. Апат ошағы Кахраманмараш пен Хатайда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл). Дүмпу елдің 10 провинциясында, сонымен қатар шекаралас Сирияда да сезілді.

Exit mobile version