Басты бет Жаңалықтар Instagram-да жаңа функция пайда болды

Instagram-да жаңа функция пайда болды

Instagram желісіне жаңа функция қосылды. Бұл туралы Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг мәлімдеді. 

Instagram. Фото: Oggito.com

Енді Instagram-да Telegram-дағыдай каналдар болады. Онда хат, фото, видео алмасып, сауалнама жүргізу мүмкіндік бар.

Бұл — сүйікті креаторларыңызбен чатта байланысудың жаңа жолы, — деді Марк Цукерберг Instagram-парақшасында.

Желіде ашылған алғашқы каналдың бірі — Meta Channel, яғни компания басшысының каналы.

Әзірге каналдарды кейбір қолданушы ғана, әсерсе АҚШ азаматтары ашып, қолдана алады. Жақын арада бұл функция барлық қолданушыға ашылады.

Exit mobile version