Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді ұстады.

Фото: Алматы облысы полиция департаменті

Алматы облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полковник Серік Шалхаров өңірде мал ұрлығы дерегін ашумен айналысатын арнайы топтар құрылғанын айтты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ұйғыр, Кеген, Талғар аудандарында, сонымен қатар Қонаев қаласында мал ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталған.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері бірнеше ауданда мал ұрлаған 1993, 1984 және 1983 жылы туған ер адамдарды ұстады. Оларға 16 бас ірі қара мен екі жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр, — деді полиция полковнигі Серік Шалхаров.

ҚР қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша соталды тергеу басталды.

Exit mobile version