Басты бет Жаңалықтар Риддерде төтенше жағдай режимі алынды

Риддерде төтенше жағдай режимі алынды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі алынды.

Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, «Риддер ЖЭО» АҚ иесі ауысқалы бері ақаулар тыйылып, жылу мәселесі шешімін тауып жатыр. Қазіргі уақытта орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ЖЭО иелері келесі жылыту маусымына дейін жүргізілетін жөндеу жұмыстарының кестесін жасап жатыр.

Осындай қиын кезде дүрбелеңге бой алдырмай, болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қараған Риддер тұрғындарына алғыс айтамын. Риддер әкіміне жылу электр орталығының қазір ақаусыз жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырдым, — дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Еске салсақ, қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысқанын хабарлаған едік.

Exit mobile version