Басты бет Жаңалықтар Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Қазақстан ұлттық банкі коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Nationalbank.kz

Коллекцияда Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған монеталар бар.

Одан бөлек, «Дала қазынасы» сериясымен шыққан KIIZ ÚI, «Сиқырлы нышандар» сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монетасы бар.

  • «Дала қазынасы» сериясымен шыққан KIIZ ÚI монеталарында интерференциялы құбылмалы бейнелеу және алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен жасалған, сынамасы – 925/1 000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.
  • «Сиқырлы нышандар» сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған.  Күмістен дайындалған монетаның сынамасы – 925/1 000, массаcы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7 777 дана.
  • «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шыққан QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL, MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL және TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталары мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, әрқайсының таралымы – 15 000 данадан.

Монеталарды Қазақстан ұлттық банкінің интернет-дүкені арқылы 17 ақпаннан бастап алуға болады.

Exit mobile version