Басты бет Жаңалықтар Шекара қызметі шекарадағы даулы аймақтар туралы айтты

Шекара қызметі шекарадағы даулы аймақтар туралы айтты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов шекарадағы даулы аймақтар мәселесіне қатысты пікір айтты.

Фото: GoGetNews.info

Қазір мемлекеттік шекарада даулы учаскелер жоқ. ҚХР-мен шекара мәселесі толық жабылған. Түрікменстан бойынша мәселе бар. Ратификация ғана қалды, яғни барлық мәселе шешілген, — деді Ерлан Алдажұманов сенат кулуарында.

Шекара қызметінің басшысы Ресеймен Шығыс Қазақстан облысындағы шекара бойынша сұрақ шешіліп жатқанын нақтылады.

Таулар басталған жерде шағын аумақ қалды. Мәселе мынада, демаркация жүріп жатқанда жұмыстың екі кезеңі бар — теориялық, мемлекеттік шекараға жазбаша түрде қол қойылған кезде, екінші кезең — практикалық, пункттер мемлекеттік шекара сызығы қай жерде өтетінін анықтайды. Климаттық, ауа райы жағдайлары мен жер бедерін ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Былтыр Шемонаиха ауданында аяқталды. Семей учаскесі аяқталды, Шығыс Қазақстан облысында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шамамен 50%-і қалды, оның ұзындығы 300 шақырымдай, — деді шекара қызметінің директоры.

Exit mobile version