Басты бет Жаңалықтар Сауда министрі елімізде пияз жеткілікті екенін айтты

Сауда министрі елімізде пияз жеткілікті екенін айтты

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елімізде пияз бағасының өсуіне еш негіз жоқ екенін айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазір баға тұрақтанып келеді. Елімізде пияз жеткілікті. Сонымен қатар осы өнімнің экспортын жауып тастадық. Пиязды қаппен сатып алудың реті жоқ. Бірақ оның саудасына алып-сатарлар да кірісіп кеткенін байқадық. Елордадағы Magnum сауда желісінде пияз 130 теңгеден сатылып жатыр, — деді министр.

Оның айтуынша, жақында Magnum сауда желісінің қызметкерлері тексеріс жүргізіп, арзан өнімді базарға саудаға шығарған 19 адамды анықтады.

Мұндай алып-сатар әрекеттер дұрыс емес. Біз осы тауарды қарапайым халық үшін сақтап, 130 теңге сомасында өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар пияздың сапасы нашар деген уәж айтылды. Осыны тексеріп, сапасы жақсы екенін көрдік, — деді министр.

Exit mobile version