Басты бет Жаңалықтар Қызметін дұрыс атқармаған судьяларға қатысты заң шықты

Қызметін дұрыс атқармаған судьяларға қатысты заң шықты

Сенат депутаттары "ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң қабылдады. Онда қызметін дұрыс атқармаған судьяларға қатысты өзгертулер де бар.

Көрнекі сурет

Бұдан бұрын Жоғары сот судьясы Ақылтай Қасымов хабарлағандай, 2016 жылдан бастап Қазақстанда әр бес жыл сайын судьялардың қызметін бағалау процедурасы енгізілді.

Осы орайда енгізілген заң бойынша судьяның қызметіне теріс баға берілсе, қайта бағалау жүргізілместен, жұмыстан шығарылады.

Сонымен қатар, бұл заңға сәйкес, сот әділқазысы судьяны басқа бір сотқа ауыстыруға шешім қабылдаса, арнайы конкурс өткізілмейтін болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version