Мемлекет басшысы «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанның бас бостандығынан айыру мекемелерінде 486 Өзбекстан азаматы жазасын өтеп жатыр. Ал Өзбекстанда сотталған Қазақстанның 20 азаматы бар.