Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда магистратура грантының құны өседі

Қазақстанда магистратура грантының құны өседі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылдан бастап магистратура мен докторантура гранттарының құны өсетінін мәлімдеді.

Саясат Нұрбек. Фото: Рrimeminister.kz

Министрдің айтуынша, елдегі жоғары оқу орындарының көбі әлі зерттеу форматына көшпеген. Оның бірнеше себебі бар. Біріншісі – жоғары оқу орындары ректорларының магистрлар мен PhD-докторанттарды даярлауға қатты мотивациясы жоқ.

Неге десеңіз, магистр грантының құны – 380 мың теңге. Ал бакалавриат грантының құны – 1 миллион теңгеге жуық. Сонда ректор былай ойлайды: мен қазір бакалаврды қабылдасам, ол маған төрт жылда 4 миллион теңге әкеледі. Ал магистрды қабылдасам, ол екі жылда маған бір миллион әкелмейді. Сондықтан біз осы жылдан бастап магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз, — деді министр үкімет кулуарында.

Ол магистратура грантының құны кемінде бакалавриатпен теңесу керек екенін айтты. Үш жылдың ішінде олар 1,5-2 миллион теңге көлемінде болады.

Exit mobile version