Басты бет Жаңалықтар Елімізде үш мыңға жуық көше мен елдімекен атауы өзгереді

Елімізде үш мыңға жуық көше мен елдімекен атауы өзгереді

Қазақстанда қалалар мен көшелердің үш мың идеологиялық ескірген атауы өзгереді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов депутаттық сауалға жауабында айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, былтырдан бері идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы іске асырылып жатыр. Жол картасы аясында 2021 жылы 68 елдімекен мен олардың 572 құрамдас бөлігінің атауы өзгертілген.

Жалпы жол картасы шеңберінде үш мыңға жуық ескірген атауларды алмастыру жоспарланған. Атауды беру кезінде міндетті түрде жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріледі және ұсынылып отырған атаудың тарихы зерттеледі, — делінген жауапта.

Елдімекен атауын өзгерту кезінде ономастика комиссиялары «Тарихи тұлғалар» тізіміне енген есімдерді пайдаланады.

Exit mobile version