Басты бет Жаңалықтар Шетел көліктерін заңдастыру аясында 61 мың өтініш мақұлданды

Шетел көліктерін заңдастыру аясында 61 мың өтініш мақұлданды

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек шетелдік автомобильдерді заңдастырудың статисткасын мәлімдеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Елімізде шетел көліктерін заңдастыру науқаны жалғасып жатыр. Қазіргі кезде 61 мың адамның өтініші мақұлданды. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлерін алды. Заңдастыру шарасы 1 шілдеге дейін жалғасады, — деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, шетел автокөліктерін заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.

Автокөлікті заңдастыру төлеміне келсек, 200 мың теңге мемлекеттік алым, 4 313 теңге паспорт бажы және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге төлеу қажет. Сонымен қатар шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.

Exit mobile version