Димаш Құдайберген өз елі Қазақстанда Қытайдағы телевизиялық таланттар жобасына шыққанға дейін аса танымал болмаған еді.
Бірнеше аптадан кейін ол Қазақстанға танымал адамға айналып оралды. Оны әуежайдан күтіп алуға Ақтөбедегі жергілікті билік өкілдері, қаптаған фанаттар, телеоператорлар барды.
Ақтөбеліктер Қытайдың Singer 2017 (I Am a Singer) байқауының бірінші айналымында француз тіліндегі S.O.S. D’UN Terrien En Détresse әнін айтқан жерлестері жеңімпаз атанғанда қатты қуанды. Мұнан соң, ақпанның 25-і күні ол байқаудың үшінші айналымының жеңімпазы болды.
Алты айналымнан тұратын бұл байқау Қытайдың Hunan TV телеарнасынан қаңтардан сәуірге дейін апта сайын көрсетіледі. Бұл — Қытайда өтетін талантты әншілердің жыл сайынғы байқауы. Жеңімпаздар көрермендер берген дауыс санымен анықталады.
Өткен аптада Димаштың Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі фанаттары 244 миллион адамнан асты.

Weibo-дағы екінші бір қолданушы Димаштың суретін жариялап «Мен сені сүйем» деген. Есімін Ван Фэн деп белгілеген тағы фанат «Димаш Гуандун провинциясына келіп қашан ән айтады екен?» деп сұраған. Гуандун — Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан аймақ.
Димаш та фанаттарының көңілін қалдырмауға тырысады. Ол Гонконгта жекпе-жектің «супержұлдызы», әлемге танымал актер Джеки Чанмен кездескенде «армандар орындалады» деп мәлімдеді. Димаш Құдайберген Джеки Чанның пайдалы кеңестер бергенін, кунг-фу йогасының бірнеше би қимылын үйреткенін хабарлады.
Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі өзінің 656 мың «досына» «Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым!.. ол шығармашылығымды бақылайтынын айтты» деп хабарлады.
Ол өзін Қытайдағы фанаттары қоршап алған видеосын да жариялады. Оны әуежайда, көшеде жүрген жерінен көрген жұрт қоршап алып, селфиге түсіп, қолтаңбасын сұрап жатады.
Димаш Құдайбергеннің атағынан ақша жасай бастаған қытайлық кәсіпкерлер де бар. Кейбірі әншінің суреті басылған және қазақ тілінде «Мен сені сүйем» деген жазуы бар қағаз пакеттер шығара бастаған. Қытай базарынан оның аты жазылған кондитерлік өнімдерді де байқауға болады.
Димаш Құдайбергеннің ресми өкілдері әншінің халық саны Қазақстаннан 75 есе көп Қытай еліндегі ондай бизнес ұсыныстарға қарсы емес екенін айтады. Алайда олар кондитерлік өнім мен қағаз пакеттер шығарып жатқан кәсіпкерлердің әнші имиджін пайдалануға рұқсат алмағанын мәлімдеді.
Өзінің жеке өмірін көп жарнамаламайтын Димаш Құдайберген қазірдің өзінде атақ-даңқ пен телевизия тарапынан шектен тыс қызығушылықтың түрлі зардабын да көріп жатыр. Қытайдың кейбір журналдары Димаштың «бұрын жүрген қызы» деп Instagram желісіндегі курстасымен түскен бір суретін жариялап үлгерді.
Ал Қазақстандағы кей ақпарат құралдары Қытайдағы Димаштың фанаттары онымен бірге жүру үшін ұшақ билеттерін сатып алған деген ақпарат жариялады. Димаш Қытайдағы ән байқауы өтіп жатқан кезде Қазақстанда өткен универсиадада ән айту үшін еліне бір рет келіп-кеткен еді.
Димаш Құдайберген Ақтөбеге Қытай журналистерін де ерте келген. Олар қазақ әншісі туралы деректі фильм түсіріп жатыр. Ақтөбе әуежайында оны облыс әкімі, басқа да шенеуніктер қарсы алды, ондаған қолдаушылары әндерін айтып, оның аты жазылған плакат көтеріп, есімін айқайлап тұрды.
Димаштың әншілік дарынын ата-анасы ерте байқаған. Сөйтіп ол бес жасында жергілікті музыка мектебі табалдырығын аттайды. Содан бері ол халықаралық және жергілікті ән байқауларында бірнеше рет жүлде алған. Оның ішінде Беларусьтің Витебск қаласында 2015 жылы өткен «Славянский базар» ән байқауы да бар.
Фарангис Наджибулланың мақаласы ағылшын тілінен аударылды.
Маған ұнамайды
Жарайсын Димаш
Жарайсың Димаш осы бетіңнен тайма алға,біз сен үшін қуаныштымыз!
мен де қосылам жарайсың
Осы жолынан тайма
идитк
жарайсың Димаш алға
Жарайсың!Әке-шешесінің арманы жоқ шығар!
Димаш,жарайсың!
ДИМАШ МЕН САГАН ЖАМАНДЫК ТІЛЕМЕЙМІН БІРАҚ СЕН ӨЗГЕ ҰЛТСЫҢ ҚЫТАЙДАНСЫҢ, БІЗДІҢ ЕЛГЕ НЕ БОЛҒАН БАРЛЫҒЫ ҚЫТАЙДЫ МАКТАП , ОСЫНЫ ЕСТІП ПРИЗИДЕНТІМІЗ КАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БОЛДЫ ЕКЕН? АЛ ЕНДІ ДИМАШ САҒАН ЖАНКҮЙЕР РЕТІНДЕ АЙТАРЫМ САТТІЛІК ОСЫ ƏНШІЛІГІІҢМЕН АЛҒА КАДАМ БАСА БЕР.
Қайдағы қытай,өзіміздің қазағымыз.Өзіміздің елдікі.Қайдағы жоқты жаза бермеңдерші
Жарайсын, Димаш!!! Біз сені мақтан тұтамыз!!! Қазақ баласының алдында бас иіп, қошамет көрсетіп жатса қытайлықтар, неге қуанбасқа, ҚУАНАМЫЗ!!!
Жарайсын, Димаш!!! Биіктерге самғай бер!!! КЕРЕМЕТ!!! Біз сенің жеңістеріңе мақтанамыз!!!
Жарайсын Димаш! Тек Кытайда калып койма, казак екенiндi умытпа
Құтты болсын қадам Димаш жан! Біріншіден қазақтың баласының дауысы әлемді жаңғырқанына қуаныштымын. Екіншіден мен сенің жерлес апаңмын. Ақтөбеліктер апа дейді ғой. Алматыда 32 жыл жүрмін Қасым Аманжолов айтпақшы бермесең бермей — ақ қой баспанаңды сондада тастамаймын ару қалам алматымды деп жүріп жатқан жайым бар балам.
Димаш жарасын. Алған бетінен тайма.Қазақ елі сені мақтан етеді.
Димашты қытайлықтар тура айтады ,Тəңір назарына алған бала ‘- деп. Бұл жігітті АЛЛА анасының құрсағында жатқанда бəрін жазып қойған. Қазақтың маңдайына біткен жаңа ғасырдың тарихы! Атың тарихта алтын əріппен белгіленген. Сенің қазақ халқына алып келер сүйіншің, қуанышың əлі алда деп сенем! Сенің салмақты мінез құлқың, нағыз қазақ халқының ғұламалары, хандары, батырларындай! Сенің ҚАЗАҒЫМ !ТАРИХЫМ ! ХАЛҚЫМ -деп соққан батыр жүрегіңнен айналдым. Еліміздің болашақ жастарының жүрегі осылай соқса екен деп тілеймін ТƏҢІРДЕН! Шу қаласынан .
Жарайсын Димаш тек кана Алга!
Өте керемет дауысың
Жарайсың!Тек қана алға!
Жарайсың! Тек қана алға!
Қытайда қалсай, сен соларға ұқсайсың. Өзімізде де «жұлдыздар» жетерлік. Қазақстанда қалып оңбайсың. Ну ақшаң көп болса оңасың. Туған еліңде коррупци