Басты бет Жаңалықтар Алматыда екі қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді

Алматыда екі қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді

Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты автобус қозғалысының кестесі өзгереді. Бұл туралы қала әкімдігінің Telegram-арнасы хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

9 ақпанда сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін фильмнің түсіріліміне байланысты №22 және №80 маршрут сызбалары уақытша өзгереді.

№80 солтүстік бағытта: Манас көшесі — Шевченко көшесі — Әуезов көшесі — Гоголь көшесі — Байзақов көшесі әрі қарай сызба бойынша, кері бағытта: Байзақов көшесі — Гоголь көшесі — Әуезов көшесі — Төле би көшесі — Байзақов көшесі әрі қарай схема бойынша.

№22 оңтүстік бағытта: Әуезов көшесі — Гоголь көшесі әрі қарай схема бойынша, кері бағытта: Гоголь көшесі — Әуезов көшесі әрі қарай схема бойынша.

Еске салайық, Алматыда көркем фильм түсірілімі аяқталуға жақын. Фильм өндірісіне жауапты компания жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына ескертті және уақытша қолайсыздық үшін алматылықтардан алдын ала кешірім сұрайды.

Exit mobile version