Басты бет Жаңалықтар Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12 мыңнан асты

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісі салдарынан 12 391 адам қаза болды. Бұл туралы Anadolu Agency сайты хабарлады. 

Фото: AP Photo / Mustafa Karali

Түркия төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Кахраманмараштағы жер сілкіністері салдарынан 12 391 адам қаза болып, 62 914 адам жарақат алған.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті.

Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Exit mobile version