Басты бет Жаңалықтар Волонтерлар Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

Волонтерлар Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

Ұлттық волонтерлар желісі Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау шарасы басталғанын хабарлады. Бұл шараны ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырып отыр.

Гуманитарлық көмек ұлттық волонтерлар желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505-кабинет) жиналады.

Сонымен қатар гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қала мен облыс орталығындағы Birgemiz өңірлік волонтерлар фронт-офисі кеңсесінде қабылданады. Сөйтіп Ұлттық волонтерлар желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.

Қажет заттар:

  • Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
  • Термос, қол шамы, пауэрбанк.
  • Жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
  • Қысқы киім (ересектер мен балаларға арналған, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, ішкиім және басқа материалдар.

Ал қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:

  • «Қазақстан халық банкі» АҚ
  • «Ұлттық волонтерлар желісі» ЗТБ
  • БСН 120940015916
  • БИК: HSBKKZKX
  • Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:

Kaspi.kz қосымшасында — Төлемдер — Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлар желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.

Барлық сұрақ бойынша Birgemiz республикалық волонтерлар фронт-офисінің ақпарат орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505-кабинет.

Exit mobile version