Басты бет Жаңалықтар Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшірілді

Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшірілді

Екібастұзда мектеп оқушылары мен колледж студенттері оқу орындарындағы ауа температурасының төмендеуіне байланысты қашықтан оқытуға көшірілді.

Арнұр Ашидинұлы. Фото жеке архивінен

Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейді.

ЖЭО-да жылу беру параметрлерінің төмендеуіне байланысты қала мектептері мен колледждеріндегі температура санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

Қалада жылу беру температурасын реттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Стандартқа сәйкес ол 77/53 градус (шығару орнында) болуы керек. Бүгінде нақты көрсеткіші 64/45 градус (шығару орнында). Бұл кезде сыртқы ауа температурасы -21 градусқа жетеді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version