Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпан сағат 08:46-да жер сілкінісін тіркеді.

Фото: Іnform.kz

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты -11.2. MPV магнитудасы — 4,7. Тереңдігі — 15 километр. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.

Exit mobile version