Басты бет Жаңалықтар Рудный әкімінің міндетін Виктор Ионенко атқарады

Рудный әкімінің міндетін Виктор Ионенко атқарады

Қостанай облысы Рудный әкімінің орынбасары және әкім міндетін уақытша атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды.

Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың 6 ақпанынан Рудныйдың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі әкім орынбасары қызметіне Ионенко Виктор Николаевич тағайындалды. Ол қала әкімінің міндетін де уақытша атқарады. Виктор Ионенконың инженерден бастап, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі қызметтерде тәжірибесі мол. Сонымен қатар 3 ауднада — Денисов, Меңдіқара және Қарасу аудандарында әкім болған, — деді облыс әкімдігінен.

Қуандық Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный әкімі қызметінен босатылды.

Exit mobile version