Басты бет Жаңалықтар Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

Алматыда 2 ақпан күні сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды. Бұл туралы  ішкі істер министрлігі хабарлады.

Фото: Polisia.kz

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала деректерге қарағанда, алты адам дене жарақатын алды.

Жол апатының дерегін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады.

Exit mobile version