Басты бет Жаңалықтар БҰҰ терроризмге қарсы күрес комитетінің өкілі Қазақстанға келеді

БҰҰ терроризмге қарсы күрес комитетінің өкілі Қазақстанға келеді

Осы аптада Қазақстанға БҰҰ терроризмге қарсы күрес комитеті атқарушы директоратының атқарушы директоры Наталья Герман келеді.

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

2-3 ақпанда Наталья Герман Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы өңірлік орталығының басшысы ретіндегі миссиясының аяқталуына және БҰҰ терроризмге қарсы күрес комитеті атқарушы директоратының атқарушы директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Орталық Азия елдері бойынша қоштасу туры шеңберінде Қазақстанға келеді, — деді Смадияров брифингіде.

Ол Астанада БҰҰ өкілі сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездеседі. Онда ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін профилактикалық дипломатия құралдарын дамыту мен нығайту жайы сөз болады, — деп түйіндеді Айбек Смадияров.

Exit mobile version