Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында LV Force қаржы пирамидасы жойылды

Ақмола облысында LV Force қаржы пирамидасы жойылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті LV Force қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша Елена Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Фото: Аikyn.kz

2018 жылдан бастап Елена Лишко Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында LV Force компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржылық пирамида қызметін ұйымдастырды. Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады, — деп жазды агенттіктен.

Сот Елена Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Exit mobile version