Басты бет Жаңалықтар Алматы мәслихатына 42 депутат сайланады

Алматы мәслихатына 42 депутат сайланады

Алматы мәслихатына барлығы 42 депутат сайланады. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Аkorda.kz

Алматы қалалық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, қалалық мәслихатқа 42 депутат сайланады. Оның 21-і бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінен, 21-і партиялық тізім бойынша дауыс жинайды.

Кандидаттарды ұсыну жұмыстары 20 қаңтарда басталды. 8 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Жанна Асанова Алматының сенат депутаты болып сайланған еді.

Exit mobile version