Басты бет Жаңалықтар «Қаныш» фильмі 2 ақпаннан бастап кинотеатрдан көрсетіледі

«Қаныш» фильмі 2 ақпаннан бастап кинотеатрдан көрсетіледі

«Қаныш» көркемфильмі кинотеатрдан көрсетіледі. Туынды «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясы негізінде түсірілген. Бұл туралы телерадиокорпорация баспасөз қызметі хабарлады.

Тарихи туынды 2 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатр желісі арқылы үлкен экранға шығады.

«Қаныш» фильмінің сюжет желісі геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Жас Қаныштың қазақ халқы басына күн туған ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдарын баяндайды.

Режиссеры — Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары — Әмір Әменов пен Ален Рахметәлиев. Фильмде Қаныш рөлін Әсет Есжан сомдайды.

Сериал 6 бөлімнен тұрады. «Қаныш. Қазына» телехикаясын Qazaqstan ұлттық телеарнасы 2021 жылы түсірді. Жоба 2022 жылы толықметражды фильм ретінде халықаралық «Literature in Cinema» кинофестивалінде «Үздік фильм» («Best film») жүлдесіне ие болды.

Exit mobile version