Басты бет Жаңалықтар Екі өңірде қолайсыз ауа райына байланысты тасжол жабық тұр

Екі өңірде қолайсыз ауа райына байланысты тасжол жабық тұр

Еліміздің екі жол учаскесі әлі де жабық тұр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

Фото: Washingtonpost.com

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, екі облыста жолдың көрінуі нашар болуына байланысты екі жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық тұр.

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа енгізілген шектеу әлі де сақталады.

Exit mobile version