Басты бет Жаңалықтар 8:1: Қазақстан хоккейшілері Жапония құрамасын тас-талқан етіп жеңді

8:1: Қазақстан хоккейшілері Жапония құрамасын тас-талқан етіп жеңді

АҚШ-та өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстанның хоккей бойынша студенттер құрамасы қола медаль алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Үшінші орынға таласқан матчта Қазақстан Жапония құрамасымен ойнады. Есеп — 8:1. Осылай, Қазақстан хоккейшілері айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұл — Қазақстанның универсиададағы тоғызыншы медалі.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені биатлоншы Вадим Куралес алып берді.

Қалыпты трамплинде шаңғымен секірген спортшы Данил Васильев те алтын алды.

Биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков алтын, Александр Мухин қола алған еді.

Шаңғы жарысынан эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы үшінші келді, ал трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Еліміздің шорт-трек бойынша құрамасы күміс алды. Биатлоншы Александр Мухин масс-стартта екінші болып, күміс медаль тақты.

Exit mobile version