Басты бет Жаңалықтар Бензин мен дизель отынын экспорттауды шектеу тағы 6 айға ұзарды

Бензин мен дизель отынын экспорттауды шектеу тағы 6 айға ұзарды

Бұл туралы нормативтік құқықтық актілерінің электрон түрдегі эталондық бақылау банкінің ресми порталында хабарланды. 

Фото: Inbusiness.kz

Бұйрыққа энергетика министрлігі, қаржы министрлігі, ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитеті қол қойған.

Қазақстан Республикасының аумағынан автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген құжатта.

Еске салайық, 2022 жылғы шілдеде елімізден бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынған еді. Енді бұл тыйымның уақыты ұзарды.

Exit mobile version