Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы екі айға ұзартты

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 қаңтардағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 наурызына дейін, — делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, 24 сәуірде сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.