Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Непал президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Фото: Yunish Gurung

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Непал президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Exit mobile version