Басты бет Басты «Тоңғақ талдар, ақ шамдар, қала кеші»: Алматының қысы

«Тоңғақ талдар, ақ шамдар, қала кеші»: Алматының қысы

Өткен аптада Алматыда қалыңдығы 15 сантиметр, ал таулы жерлерде 20-25 сантиметр болатын қар жауды. Қар қатарынан 2 күн толастамады. Қалаға нағыз қыс енді келгендей. Сұлу қала тіпті ажарлана түсті. Baribar тілшілері сол әдемі сәттерді фотоға іліп үлгерді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оралхан Бөкейдің «Дүниеде қар жауған сәттегідей бейбіт те, тыныш өмір бар ма екен?!» дегені Алматының өткен жұмасын сипаттап тұрғандай. Әуелде көшеде көлік те, серуендеп жүрген адам да аз еді.

қыс, аяз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бірақ аязға қарамастан, коньки тебуге барғандардың қарасы көп екен. Ашылғанына 50 жыл болған әйгілі Медеу мұз айдыны да қонақ күтуге сақадай сай: жып-жылтыр мұз, жаңа жауған қар мен ақ кілемге оранған тау бөктері мен мұндалайды. Мына фото — үзіліс уақыты. Коньки тебуге дайын тұрғандар үшін мұздың беті жаңа ғана сыпырылды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Адамдар арқанжолмен Шымбұлаққа барады. Әйнектен тау мен шыршаны тамашалай отырып Шымбұлақ тау-шаңғы курортына, одан әрі 3200 метр биікке жетеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Аязды күні далада отырып шай ішетіндер де — алматылықтар.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Отбасымен «Медеу» маңындағы денсаулық баспалдағына бет алғандар да аз емес. Түске дейін қайтып үлгергендері енді көтерілгелі жатқан адамдармен жымия амандасып, баспалдақпен көтерілу оңай екеніне сендіруге тырысады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қар, жаңбыр жауа қалса, қалада көлік қозғалысы қиындай түсетіні бар. Содан болса керек, патрульдік полиция қызметкерлерінің әдеттегіден қарасы көп.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Телемұнара қаланың барлық тұсынан мен мұндалайды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Кеш батқанда қаланың сұлулығы арта түспесе, кеміген жоқ. Жаңа жыл шыршасы, жарқыраған шамдар әлі де мерекені еске салады. Тоңып тұрса да, қолғап шешіп телефонын шығарғандар, сөйтіп суретке түсіп жүргендер көп. Бәрі осы ғажайыпқа толы көріністі естелік еткісі  келеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Әдетте, әні үзілмейтін Арбат сенбі күні ерекше тыныш болып көрінді. Сәлден кейін әншілердің де қатты жаурап, үзіліс алғанын байқадық. Дегенмен өнерпаздар фотоестелікке қолдарына сүйікті аспабын алып түсті.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Арбаттағы сұлулыққа көз қуанады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жүрген сайын сұлулыққа тамсанып, қалаға ғашық болдық. Жаурасақ та, фотоаппаратты қайта қолға алмасқа болмады.

Бұл — ҚБТУ университетінің алды. Біраз жыл Алматының бас шыршасы осы жерде жағылып жүрді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жаңа жыл қарсаңында шырша жанында жәрмеңке өтіп, саудагерлер халыққа мереке безендіргіштер, ұлттық нақыштағы заттар ұсынды. Жәрмеңке әлі де істеп тұр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматының бас шыршасы — осы. Бұл Абай алаңына қойылған. Маңында Республика сарайы, атақты Қазақстан қонақүйі, Арман кинотеатры бар.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Exit mobile version