Басты бет Жаңалықтар Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

16 қаңтарда аязға байланысты Семей, Екібастұз қалаларында және Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Семейде бірінші ауысымдағы 1-9-класс оқушыларының сабағы қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Екібастұз қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қала мектептерінде оқу қашықтан жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында ауа температурасы минус 31 градусқа дейін төмендеп, Үрімхай және Шанағата мектептерінде 0-4-класс оқушылары қашықтан оқытуға көшеді.

Exit mobile version