Басты бет Жаңалықтар Тоқаев мемлекеттік сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Тоқаев мемлекеттік сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Ақорданың хабарлауынша, сапар кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Араб әмірлігі арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сонымен бірге маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

Exit mobile version