Басты бет Жаңалықтар Қан алу кабинеттерінде дыбыс жазатын құрылғылар орнатылмақ

Қан алу кабинеттерінде дыбыс жазатын құрылғылар орнатылмақ

Талдау үшін қан алу кабинеттерінде аудиожазба функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ашық талқыға шығарған тиісті бұйырығында жазылған.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

«Аудиожазба функциясы бар техникалық құралдарды пациенттің немесе оның заңды өкілінің фотосуретке немесе бейнежазбаға, электрондық ақпараттандырылған келісімін алған және оның бейнелерін кейіннен пайдаланған жағдайда биологиялық материалды алу және қабылдау пунктінің қан алу кабинетінде қолданылады. Жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісім еркін нысанда ресімделеді», — делінген құжатта.

Құжатты ашық талқылау 27 қаңтарға дейін жалғасады.

Exit mobile version