Басты бет Жаңалықтар Тоқаев сенатор Андрей Лукиннің өкілетін тоқтатты

Тоқаев сенатор Андрей Лукиннің өкілетін тоқтатты

Парламент сенатының депутаты Андрей Лукиннің өкілеті тоқтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеті тоқтатылды, — делінген жарлықта.

Андрей Лукин 2019 жылғы тамыздан бері сенат депутаты қызметін атқарды. Парламенттің жоғарғы палатасында ол Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болды.

Exit mobile version