Басты бет Жаңалықтар Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына ескерту жасады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Әкімдік өкілдері Алматыда ауа температурасының төмендеуіне байланысты көпқабатты тұрғын үйлердің шатырында сүңгі мұздар пайда болып жатқанын ескертті.

Егер үйдің төбесінен сүңгі мұз байқасаңыз, қауіптің алдын алып, уақытылы тазарту үшін үйіңізге қызмет көрсететін басқару органына (МИБ, ПИК, ЖШС т.б.) хабарласуыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында үйдің шетіне, балконға және қардың еруі және сүңгі мұз құлауы мүмкін жерде тұрмаңыз, ескерту таспасымен қоршалған жерді айналып өту керек, — делінген хабарламада.

Егер қызмет көрсетуші орган өтінішке құлақ аспаса, Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225-14-31 нөміріне, сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма; сағат: 9:00-18:00-ге дейін.

Exit mobile version