Басты бет Жаңалықтар Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды

Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды

Маңғыстау облысында техникалық қызмет көрсету орталығында болған өрттен бір адам қаза болып, үш адам ауруханаға түсті.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.

12 қаңтарда Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18.20-да Ақтаудағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылды. Бұл ретте, өрт сөндірушілер өмірін қатерге тіге отырып, тағы 17 газ баллонын алып шықты, — делінген хабарламада.

Жалын сағат 18.48-де ауыздықталды. От шарпыған аумақ – 50 шаршы метр.

Оқиға салдарынан техникалық қызмет көрсету орталығының бір жұмысшысы (әйел) қаза болды. Үш ер адам күйік жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт себебі анықталып жатыр, — деді Иманқұлов.

Exit mobile version