Басты бет Жаңалықтар Смайылов «АрселорМиттал Теміртаудың» вице-президентіне ескерту жасады

Смайылов «АрселорМиттал Теміртаудың» вице-президентіне ескерту жасады

Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Рrimeminister.kz сайты хабарлады.

Фото: Inform.kz

12 қаңтарда премьер-министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті.

Әлихан Смайылов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын айтты.

Сонымен қатар премьер-министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Ал Виджай Гоял барлық тексеру шарасына толық жәрдем беруге дайын екенін білдірді.

Exit mobile version