Басты бет Жаңалықтар Елімізде журналистің жұмысына кедергі келтіретіндерге жауапкершілік күшейеді

Елімізде журналистің жұмысына кедергі келтіретіндерге жауапкершілік күшейеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кодекске журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту нормасы енгізіледі.

Статистикаға сәйкес, кейінгі 5 жылда ҚР қылмыстық кодексінің 158-бабы (журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға мәжбүрлеу не оны таратудан бас тарту арқылы, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі келтіретін не оны осы мүмкіндіктен толығымен айыратын жағдайлар жасау арқылы кедергі жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің небәрі 9 фактісі тіркелді. Бұл бірінші кезекте әкімшілік жауапкершілікті қосымша енгізу қажеттігін көрсетеді, — делінген құжатта.

Мұны жүзеге асыру үшін министрлік журналистің кәсіби қызметін реттейтін қылмыстық кодекстегі 158-баптың бірінші бөлігін әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске көшіреді.

Құжатты ашық талқылау 31 қаңтарға дейін жалғасады.

Exit mobile version