Басты бет Жаңалықтар БЖЗҚ зейнетақы активтері бір жылда 1,6 триллион теңгеге артты

БЖЗҚ зейнетақы активтері бір жылда 1,6 триллион теңгеге артты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бір жылда 1,6 триллион теңгеге өсті. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бір жылда 1,6 триллион теңгеге немесе 12,1%-ке ұлғайып, 2022 жылдың соңында 14,6 триллион теңгені құрады. 2022 жылы инвестициялық кіріс көлемі — 914,1 миллиард теңге, зейнетақы жарналары – 1 728 миллиард теңге, зейнетақы төлемдері – 260,8 миллиард теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы 896,3 миллиард теңге болды, — деді Ғалымжан Пірматов.

Ұлттық банк төрағасының дерегінше, 2022 жылы зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55%-ке жетті.

Зейнетақы активтерінің шоғырландырылған сәттен бастап жинақталған кірістілігі 113,7 пайыз инфляциямен салыстырғанда 115,9%-ті құрады, — деді Пірматов.

Exit mobile version