Басты бет Жаңалықтар Алматылықтарға ағаш жанына көліктерін қоймау ескертілді

Алматылықтарға ағаш жанына көліктерін қоймау ескертілді

Алматыда 10 қаңтарда таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ведомство өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады.

Азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса тіптен жақсы, — делінеді хабарламада.

 

Exit mobile version