Басты бет Жаңалықтар Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 467- 471 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Matritca.kz

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 468 – 471 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 467– 471 теңге аралығында құбылып тұр.

4 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,75 теңгеге қымбаттап, 465, 41 теңге болған.

Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,53 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,05– 6,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Exit mobile version