Басты бет Жаңалықтар Елімізде жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі өсті

Елімізде жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі өсті

Елімізде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз көлемі өсті. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және даму агенттігі хабарлады.

Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі жалпы несие портфелінің 3,6%-ін немесе 850 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 1 қаңтарда – 3,3% немесе 669 миллиард теңге болған еді.

Сонымен қатар жеке тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы қарашада 3,8%-ке ұлғайып, 13,9 триллион теңгені құрады (2022 жылдың басынан бері 29,4%-ке өсті). Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 2,1%-ке 4,5 триллион теңгеге дейін ұлғаюы, сонымен қатар тұтынушылық қарыздардың 4,4%-ке 7,6 триллион теңгеге дейін өсуі себеп болды, — делінген агенттік хабарламасында.

Exit mobile version