Басты бет Жаңалықтар Астанада ауа райына байланысты республикалық трасса жабылды

Астанада ауа райына байланысты республикалық трасса жабылды

Күн райының бұзылуына байланысты Астана аумағымен өтетін республикалық маңызы бар трассада қозғалыс тоқтады.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

3 қаңтар сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауынан (желдің күшеюі, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург — Алматы» автожолының (1 003 – 1 247 километр аралығы) «Астана – Атбасар» учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды, — делінген 109 IKomek қызметінің хабарламасында.

Exit mobile version