Басты бет Жаңалықтар «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды.

Фото: Inform.kz

178 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың үшінші легінде стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

«Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

Exit mobile version