Басты бет Жаңалықтар Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды

Қазақстан ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Тиісті қаулыны үкімет қабылдады. Бұл туралы Рrimeminister.kz сайты хабарлады.

Фото: 2gis.kz

«Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қызметіне:

  • әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
  • ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;
  • ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
  • ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
  • ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
  • ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді.

ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді.

Exit mobile version