Басты бет Жаңалықтар Биыл Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген

Биыл Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген

2022 жылы Қазақстанға бес миллионнан аса шетелдік келген. Келгендердің жартысынан көбі Ресей азаматтары.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов мәлімдеді.

Биыл Қазақстанға бес миллионнан аса шетелдік келген. Бірінші орында Ресей Федерациясының азаматтары – 2 миллион 900 мың. Екінші орында Өзбекстан — 2 миллион 300 мың. Қырғызстан азаматтары — 730 мың. Тәжікстаннан 330 мыңнан аса адам. Ал 90 мыңға жуығы Түркия азаматы, — деді Аслан Аталықов.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Ал алты миллионға жуық адам елден кеткен.

Exit mobile version