Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанда 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 951 шетел азаматы еңбек етіп жүр.

Фото: ЕжХӘҚ министрлігінің баспасөз қызметі

Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 568 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 017 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші және төртінші санаттарға жатады – тиісінше олар 7 436 және 810 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 556 адам тартылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 679 жұмыс беруші бар. Оларда 384 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97% -і.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 780 адам (42%); тау-кен өнеркәсібі және карьер қазу – 1 476 адам (11%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 057 адам (8%); өңдеу өнеркәсібі – 953 адам (7%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 547 адам (4%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 518 адам, Үндістан – 1 645 адам, Түркия – 1 577 адам, Ұлыбритания – 1 091 адам, Өзбекстан – 693 адам.

Exit mobile version