Басты бет Жаңалықтар Ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Қарағанды облысында боранға байланысты алты бірдей республикалық маңызы бар жолда барлық көлік үшін қозғалыс шектелді.

Фото: Александр Куприенко

Облыста жабылған жолдар:

«Екатеринбург-Алматы» — 1492-1854 шақырымның учаскесі (Қарағанды — Балқаш);

«Екатеринбург-Алматы» 1426-1457 шақырымның учаскесі (Теміртау— Қарағанды);

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-219 шақырымының учаскесі (Қарағанды— Қарқаралы);

«Қызылорда-Павлодар» 967-1066 шақырымының учаскесі (Қарағанды — Молодежный кенті)

«Қызылорда-Павлодар» 762-906 шақырымның учаскесі (Атасу кенті — Топар кенті);

«Қалқаман-Баянаул-Үміткер-Керней-Ботақара» 231-324 шақырымның учаскесі (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті);

Бұдан бөлек, Павлодар облысында Қалқаман кентінен бастап Қарағанды облысына дейінгі жол жабылды.

Ал Шығыс Қазасқтан облысында «Өскемен– Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахмановские ключи» тас жолының 6-66 шақырым учаскесінде (Ушановское кенті — Серебрянск қаласы) көлік қозғалысы шектелді.

Сонымен қатар «Өскемен-Шемонайха – РФ шекарасы» тас жолының 36-123 шақырымы – Предгорное кенті мен Ресей шекарасының аралығы жабық.

Exit mobile version